Сүйікті шаһарымыз Орал қаласы аумағын санитарлық тазалау, туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтау мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте бірқатар аумақтар тазартылды.

Сенбілікке қала бойынша жалпы саны 2000-нан аса адам қатысты. Жұмысқа барлығы 15 техника жұмылдырылып, қала аумағынан 100-ден аса текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Санитарлық тазалықты сақтау мақсатында сенбілік жүргізу қажеттігі жөнінде кіші және орташа субьектілерге 300 дана хабарлама таратылды.
Мұндай сенбіліктер алдағы бір айы бойы жалғасатын болады.







Қала әкімдігінің баспасөз қызметі