9.08.2023, 15:15
Оқылды: 42

БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматтары ұсталды

4 тамыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысындағы департаментінің шекарашылары бес шетел азаматын ұстады.

17ae894d981607bf5dfe27bc3a6bc2e5_1280x720

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар белгіленген өткізу пунктінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына  заңсыз кесіп өтпек болған.

Шетелдіктер Қазақстан Республикасына ұшақпен турист ретінде келген.

Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале