19.05.2023, 16:01
Оқылды: 6

БҚО-да соңғы екі жылда 3500-ға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған

БҚО-да соңғы екі жылда 3500-ға жуық адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Осыдан жол апаттарының саны азайды ма? Көлік қозғалысы реттелді ме? Біз осы сұрақтарды Орал қалалық ПБ Патрульдік полиция батальонының штаб бастығы Санжар Рыскалиевке қойдық.

a16a14c0-27ce-4432-b2b5-5fbc60194103
Мысалы, 2021 жылы - 1605 адам, 2022 жылы - 1532 адам , 2022 жылдың үш айында - 326 адам жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл ақпаратты Орал қаласының Әкімшілік-құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан алдық.

Көлік жүргізу құқығынан айыру келесідей жағдайларда тіркеледі. Мәселен, көлікті мас күйінде жүргізу, екі жолаққа өтіп кету, жол апатты тағы басқасы.
Көлік жүргізуге құмар 18-ге толмағандар да бар. Өкінішке орай ондай фактілер болып тұратыны жасырын емес. Мәселен, биылғы жылға бір факт тіркелген. Ал көлікті мас күйде басқаратындарды тіркеу қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай.
Үш жылда жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар санына қарап бізде бірнеше сұрақ туындады.
Мәселен, жүргізушілерді көлік жүргізу құқығынан айыру көшедегі көлік қозғалысын реттеуге, жол апаттарының санын азайтуға көмектесті ме?
Жүргізуші куәлігін тартып алу мәселені шешпейтін секілді. Олай дейтініміз жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылған 50 адам құжаттары болмаса да рөлге отырған.

- Жол жүру ережелері көбіне күндізгі уақытта бұзылады. Ал түнде көп жағдайда көлікті мас күйде басқару фактілері тіркеледі. Көшеде жол жүру ережелерін көбіне ер азаматтар бұзады. Бірақ соңғы жылдары көлік тізгіндеген әйелдер саны артып келеді. Біз көшедегі тәртіпті сақтау мақсатында қолдан келгенді жасап келеміз, - дейді Орал қалалық ПБ Патрульдік полиция батальонының штаб бастығы Санжар Рыскалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале