4.10.2023, 9:30
Оқылды: 52

БҚО-да тазалық тәртібін бұзған 4 400-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

БҚО ПД-ның жергілікті полиция қызметі, табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары мемлекеттік уәкілетті органдар мен қалалар, елді мекендерде рейд жүргізді. 

Рейд барысында қоқыс төгуге рұқсат етілмеген жерлер тексерілген.

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

f58590b0-d3c1-4dc2-b22f-319bab124f4b

Тоғыз айда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес 4 400-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

8ab174b5-cda9-4ae5-9b79-600cd28b5f2c

Сонымен қатар шілде, тамыз, қыркүйек айларында ПД Табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Оралдағы Самар, Құрманғазы, Нұрпейісова көшелеріндегі тазалықтың сақталуын қадағалау үшін рейд өткізді.

3e1cd578-dacb-4169-b599-ff022ab83531

Тексеру кезінде орталық базар аумағындағы қоқыс контейнерлеріне саудагерлер бұзылған жеміс-жидектері, балық қалдықтары, иістенген балық өнімдері, бос қораптар және басқа да үлкен заттарды салғандығы анықталған.

Жеке тұрғындарға арналған контейнерлерге, оның жанына қоқысты шашып, лақтырып кеткен 79 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале