16.04.2024, 16:49
Оқылды: 48

БҚО-да жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 25 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда

"Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 25 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі.

d07d1d25599fa7e45aa6a7c91bb6db45_1280x720

Фото: www.gov.kz

Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында көлік қатынасы жоқ 9 елді мекен бар. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды. 1905 саяжайды су басты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Жайық өзені бойынша судың келуі 3000 м/сек.

Шаған және Деркөл өзендерінің тасқын ағынының нәтижесінде өзендердің жайылма бөлігінде орналасқан Орал қаласының саяжай массивтері су астында қалды.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізіліп жатыр.

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/нақты): Жайық - 850 см/778 см.

13 614 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 653 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 189 адам орналасқан, оның ішінде 1 052 бала, 11 425 адам туыстарында. 4 907 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

5a84d1216282ed8a88a73149db959ffb_1280x720

Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 771 мың дана қапшық және 3 882 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6 478 адам, 1 219 бірлік техника, 196 бірлік су сору құралы, 156 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.

Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін 7 өңірден қосымша күштер мен құралдар тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале