Warning: session_start(): open(/tmp/sess_02pdmfevbcergognnsg9d0ucf4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - БҚО-да жөнделіп жатқан мектеп-лицей интернаты өртенді - официальные новости ЗКО
10.07.2025, 10:45
Оқылды: 299

БҚО-да жөнделіп жатқан мектеп-лицей интернаты өртенді

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында Қараөзен мектеп-лицейінің интернаты отқа оранды,- деп жазады kaz.inform.kz.

WhatsApp Image 2025-07-10 at 11.01.58
Фото: kaz.inform.kz

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қараөзен ауылында ауданы 388 шаршы метр бір қабатты интернат ғимаратының өртеніп жатқаны жөнінде хабар 9 шілде күні сағат 14.30-да түскен.

- Өрт сөндірушілер тез арада жетіп, «тілсіз жауды» толықтай ауыздықтады. Өртті сөндіруге 13 адам, 2 техника тартылды. Мектеп-лицей интернаты күрделі жөндеуде болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, интернат ғимаратын «Жайық Сити» ЖШС күрделі жөндеуден өткізіп жатқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале