14.11.2025, 18:00
Оқылды: 160

БҚО-да жыл басталғалы көкжөтел ауруының 18 жағдайы тіркелді

Облыс бойынша көкжөтелдің  зертханалық расталған 18 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалардың арасында тіркелді,ересектер арасында тіркелген жоқ. Жағдайлардың барлығы ұйымдастырылмаған балалар арасында тіркеліп отыр.

Young asian man was suffering from painful chest pain from a chronic disease.

Сурет: istockphoto.com

Екпе мәртебелері бойынша: аяқталмаған вакцинация курсымен 2 жағдай, екпе алмаған балалар арасында  жағдай саны 16, оның 4 екпеден бас тарту себебінен, 2 жағдайда медициналық қарсы көрсетілім себебінен екпемен қамтылмаған, және екпе жасына жетпеуіне байланысты-10 бала егілмеген.

Аудандар кескінінде: жағдайлардың басым көпшілігі Орал қаласында тіркелді және Байтерек, Казталов, Бөрлі және Сырым аудандарында тіркеліп отыр.

Көкжөтел ауруы вакцинамен басқарылатын аурулардың қатарына жатады, ауырған балалардың барлығыда ауруға қарсы екпе алмағандар.

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын, ауа – тамшы жолымен жұғатын, спазмды ұстамалы жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру.  Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.

Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге, алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмалды және инспираторлы ентігу кезеңі1 ай және одан да көп кезеңге созылады.

Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;

- әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;

- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Жөтел ұстамасы кезінде науқас қиналып, беті қызарып, құсып қатты қиналады және  тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.

Көкжөтелдің алдын алу. Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы - міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда, 3 ай, 4 ай және  18 айда жүргізіледі.

Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!

 

Н.Н. Ажмуратова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті инефкциялық және паразиттік

ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале