16.01.2025, 12:00
Оқылды: 711

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Бақдаулет Маратұлы Сәбитов тағайындалды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. 

WhatsApp Image 2025-01-16 at 12.47.17
Бақдаулет Маратұлы 1992 жылы 6 сәуірде Түркістан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығы бойынша білім алған (2010-2014). Шымкент университетінде "Дене шынықтыру және спорт" мамандығын оқыған (2016-2018). Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының EMBA «Спорт менеджменті» магистрі (2024-2025).
Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дзюдодан спорт шебері.
ҚР Қазақ күресі Федерациясында басшылық қызмет атқарған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап 2025 жылдың қаңтар айына дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» РМҚК директоры болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале