ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының Орал орталық мешітіне бас имам болып Самат Қанатқалиұлы Алибаев тағайындалды.
ҚМДБ-ның БҚО-дағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметке жаңадан тағайындалған облыс имамын ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы ресми түрде таныстырды.
Батыс Қазақстан облысының бас имамы ретінде екі жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Бақытжан қажы Құралбайұлының иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Самат Алибаев 2008-2011 жылдары Орал медресесінде «Исламтану» мамандығын үздік бітірген.
2015-2019 жылдары Алматы қаласы, «Шет тілдері және іскерлік карьера» университетінде «Дінтану» мамандығын үздік оқып шықты.
2019-2021 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен «Педагогика және психология» мамандығының магистр ғылыми дәрежесін алды.
Ол ҚМДБ төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2011 жылдың 30 қыркүйегіндегі №685 бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы БҚО орталық мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның БҚО-дағы «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі қызметін қоса атқарды.
Орыс, түрік және араб тілдерін жетік меңгерген.
Үйленген. Екі ұлы мен екі қызы бар.
2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Орал орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.
zhaikpress.kz