Меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Кадралиев Дархан Қаныбекұлы тағайындалды.
Кадралиев Дархан Қаныбекұлы - 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан облыстық штабының координаторы, жетекшісі;
– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы;
– «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының директоры;
– «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық саяси бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;
– «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.
2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
zhaikpress.kz