26.11.2022, 11:38
Оқылды: 50

БҚО мәслихаты хатшысы Бибігүл Қонысбаева: "Ауыл түзелмей, ел дамымайды"

 

WhatsApp Image 2022-11-26 at 11.33.52 (1)

-Бүгін ел үшін ерекше күн болды. Мен үшін Президенттің алдағы жеті жылдық жұмысында  "алдымен ауылды дамытамын" дегені ұнады. Бәріміз ауылданбыз, тамырымыз ауылда. Сондықтан да ауылды дамытпай, елді дамыту екіталай деп ойлаймын. Сол себепті осы жарлықты өзім шын жүректен қолдаймын. Осы жарлық жүзеге асқанда ауыл халқының тіршілігі түзеледі. Екінші жарлығы - шетелге заңсыз кеткен активтерді қайтару мәселесі. Бұл да бір халықтың көкейінде тұрған мәселе. Президентіміз айтқандай, қандай қызметте болсақ да ел игілігі үшін  адал еңбек етсек, абыроймен жұмыс істесек, елімідің болашағы жарқын болады, - деді БҚО мәслихаты хатшысы Бибігүл Қонысбаева.

Пікірді дайындаған: Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале