31.01.2024, 12:15
Оқылды: 36

БҚО прокуратурасының ықпалымен үміткер жұмысқа қабылданды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы мектеп мұғалімін қызметке қабылдау үшін конкурстың заңсыз өткенін анықтады.

прокуратура

Атап айтқанда, ҚР білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» бірнеше тармағын бұзып өткізген.

Соның ішінде ең маңыздысы – құжаттарын толық тапсырған үміткердің орнына толық құжат тапсырмаған үміткер конкурста жеңімпаз деп танылған.

Прокуратураның наразылығымен заңсыз конкурс нәтижесі жойылып, жаңа конкурс өткізілді.

Оның қортыныдысы бойынша заңды шешім қабылданып, талапқа сай құжат тапсырған маман қызметке қабылданды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

Қаратөбе ауданының

прокуратурасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале