ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиев тағайындалды.
Өмірәлиев Мұрат Амангелдіұлы – 1981 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетін «жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі», «жоғары кәсіби білімді заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Бөрлі аудандық сотының маманы болып бастаған.
Әр жылдары:
Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бөлімнің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылғы мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет етті.