23.02.2024, 10:15
Оқылды: 29

БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып полковник Руслан Қасыбаев тағайындалды. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

6A70AD33-7388-472E-9160-66F72CF3614C

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ерлан Нұрпейісов жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды.

Руслан Әмірзадаұлы – Алматы қаласында дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.

7008749D-2223-4B4B-A989-16C212EFE296

Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында болған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале