ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына Нұрлыбек Жасқайратұлы Даумов тағайындалды.
Нұрлыбек Жасқайратұлы - 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жетекші, бас маманы маманы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
– Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы;
– ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының сарапшысы;
– «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының бас сарапшысы;
– Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
– Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.
2018 жылдан Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.
zhaikpress.kz