2.07.2021, 12:48
Оқылды: 2992

Бөкей ордасы ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімі лауазымына  Нұрлыбек Жасқайратұлы Даумов тағайындалды.  

C672B3D4-AEF5-43D3-9DC4-7F8F7C031404

Нұрлыбек Жасқайратұлы - 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жетекші, бас маманы маманы;

– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;

– Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы;

– ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының сарапшысы;

– «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының  бас сарапшысы;

– Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы;

– Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

– Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.  

 2018 жылдан Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале