Таяуда Бөрлі аудандық демалу орталығы Бөрлі мәдениет үйінің «ЖадиАрт» би ансамблі Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен байқаудан жеңіспен оралды.
Қуанышты жаңалықты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аңсар Дүйсенов хабарлады.
Оның мәліметінше, «Summer Fest» байқауында Жадыра Орынбасарова жетекшілік ететін аталмыш би ансамблінің үлкен тобы «Аңшылар» және кіші тобы «Сладкоежка» биімен екі бірдей Гран-приді иеленген.
Байқауға өзбекстандық және қазақстандық 54 би ансамблі қатысқан.
Айна Имашева,
zhaikpress.kz