16.08.2024, 23:02
Оқылды: 78

Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды

Бүгін, 16 тамыздан бастап докторантураға түсу емтихандары басталды. Емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 11 шілде мен 3 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

CFFD1DC5-FAA5-4C90-8407-EE5A2167BBE3

 Сурет: pixabay.com

Докторантураға түсу емтихандарына 3 577 адам қатысады. Емтихан бүгін басталып, 21 тамызға дейін жалғасады.  

Түсу емтиханына әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді. Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балды құрайды.

Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды. 

2024 жылдан бастап түсушілердің бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар.

Бұл бағдарлама үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың белгілі бір деңгейі талап етілмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале