13.04.2023, 17:14
Оқылды: 239

Бүгін Оралда санитарлық айлық аясында 100-ден астам көшет отырғызылды

25 наурыз бен 29 сәуір аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық жарияланды. Дәстүр бойынша, айлық кезінде қаланы тазарту бойынша жалпықалалық сенбіліктер өтеді. Сонымен қатар қалада ағаштар отырғызылады. Бүгін санитарлық-экологиялық айлық аясында Н. Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында ағаш отырғызылды. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және «Жайық Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары қатысты.

WhatsApp Image 2023-04-13 at 17.59.00 (2)

Бүгінгі күнге дейін қаланың басқа аудандарында терек, бөртегүл және шетен сияқты 500-ден астам жаңа көшет отырғызылған. Экологтар да қаланы көгалдандыруға белсенді қатысуда, олардың көмегімен ағаштарды отырғызу орындары анықталған.

WhatsApp Image 2023-04-13 at 17.59.00

- Бүгін біз 100-ден астам жаңа шырша көшеттерін отырғызып жатырмыз. Жалпы, ағаш отырғызу сәуір айының соңына дейін жалғасады. 2000-нан астам жаңа көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл негізінен қылқан жапырақты ағаштар және басқа да ағаш түрлері. Көгалдандыру жұмыстары қаланың орталық көшелерінде Н.Назарбаев, Абай даңғылдарында, Сарайшық, М. Ықсанов, С. Датов көшелерінде, Саратов тас жолының және Жәңгір хан көшесінің бойында жүзеге асырылады, - деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Азамат Халелов.

WhatsApp Image 2023-04-13 at 18.02.15

Айта кету керек, қаламыздың жасыл желегіне «Жайық Таза Қала» ЖШС қызмет көрсетеді. Компания екі жыл бойы, 2023 және 2024 жылдары қаланы көгалдандырумен, ағаштарды суару, әктеу және кесумен айналысады.

WhatsApp Image 2023-04-13 at 17.59.00 (1)

WhatsApp Image 2023-04-13 at 17.58.59 (1)

Альфия Шамаева,

Фото: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале