1.08.2022, 12:30
Оқылды: 53

Бүгіннен бастап Орал қаласында судың тарифтері төмендетілді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жергілікті монополист «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 2021 жылға бекітілген тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерге талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтері бойынша 209 098 830 теңге және су бұру қызметі бойынша 158 396 851 теңге сомасына шығындар мен инвестициялық бағдарламалардың кейбір баптарының орындалмағаны анықталды.

1

Фото дереккөзі: qazaly.kz

Нәтижесінде, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және негізсіз алынған табысты өтеу мақсатында, «Батыс су арнасы» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылданып, уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді. Яғни сумен жабдықтау және су бұру тарифтері тұтынушылардың барлық топтары үшін, оның ішінде  қала тұрғындары үшін де төмендетілді.

Осылайша, егер бұрын сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 45,15 теңге/м3 және су бұру қызметтері бойынша халық үшін – 45,81 теңге/м3 құраса, онда УӨТ енгізілуіне байланысты 2022 жылғы 1 тамыздан бастап тарифтер былайша төмендетілді:

- халықты сумен жабдықтау қызметтері бойынша 37,17 теңге/м3 дейін төмендеді (45,15 теңге/м3-ден 7,98 теңгеге төмендеді);

- су бұру қызметтері бойынша халық үшін 40,01 теңге/м3 дейін төмендеді (45,81 теңге/м3-ден 5,8 теңгеге төмендеді).

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале