Туынды 2022 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының тапсырысымен түсірілген.
Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған еліміздің ең танымал актерлері қатысып, ҚР Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланы қолдау көрсеткен.
Сондай-ақ экшн-қойылымдар мен трюктерге толы фильмнің түсіріліміне Ұлттық ұланның арнайы жасақ жауынгерлері, әскери техникасы мен авияциясы қатысқан.
Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу.
Сонымен қатар Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметі арқылы Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрерменге жеткізу.
Кинотуынды арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығын көрсетеді.
Олардың атқаратын күнделікті тапсырмалары қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру.
Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте жауынгерлерге өз достығын сынауға тура келеді.