29.02.2024, 15:15
Оқылды: 45

Былтыр 152 шенеунік 20 миллион теңгедей айыппұл төледі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев тұрмыстағы қатты қалдықтар тақырыбын талқылап жатқан комитет отырысында экологиялық талаптарды бұзғандар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ақша

Министрдің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілді, оның 24%-ы қайта өңделді.

Сонымен қатар әкімдіктердің ақпараты бойынша еліміздегі 207 қала мен ауданнан әр түрлі кезеңде қалдықтарды бөлек жинау 130 елді мекенде енгізілді.

- Былтыр республика бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының саны 3 016, оның ішінде экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетіні 624 болды. 2023 жылғы ғарыштық мониторинг қорытындысы бойынша 5 534 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталды, әкімдіктер оның 86%-ын (4716 қоқыс үйіндісі) жойды, - деді Нысанбаев.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, құқық қорғау органдары, әкімдіктер және басқа да мүдделі тараптармен бірлескен жұмыс нәтижесінде соңғы төрт жылда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері санының азаюы байқалады. Дәлірек айтқанда, 2020 жылы 8 884 анықталды, оның 5 823-і (66%), 2021 жылы – анықталаған 7 328-тің 6 740-і (92%), 2022 жылы анықталған 5 683-тің 4 331-і (77%) кәдеге жаратылды.

- Ел бойынша полиция және экология департаменттері қызметкерлерінен құралған мобильді топ 63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 17 030, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 26 726. Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін (қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру бойынша) экология департаменттері 2022 жылы 194 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17,8 млн теңге (әкімдер мен әкімдердің орынбасарлары), 2023 жылы 152 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17,3 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп айтты Нысанбаев комитет отырысында.

Министр өңірлердегі жағдайды жақсарту бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару, оның ішінде рұқсат етілмеген үйінділердінің пайда болуын болдырмауға қатысты жүйелі шаралар аясында мынадай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале