3.01.2022, 10:21
Оқылды: 143

COVID-19 бесінші толқыны соңғы болуы мүмкін: Франция жаңа шектеулер енгізіп жатыр

Дүйсенбіден бастап Францияда ауру жұқтырған жағдайда немесе COVID-19 жұқтырушымен байланыс болған жағдайда оқшаулаудың ережелері өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

211121223601055e

Енді коронавирус жұқтырған жағдайда міндетті карантин мерзімі толық вакцина алған адамдар үшін 7 күнге дейін қысқарады.

Егер 5 күннен кейін тест теріс нәтиже көрсетсе, онда өзін-өзі оқшаулау шарасы тоқтатылады. Ауру жұқтырғандармен байланыс болса екпе алғандар карантиннен босатылады.

Вакцина алмағандар үшін – ауру жұқтырып алса өзін-өзі оқшаулау 10 күнге, байланыс болса – 7 күнге жалғасады.

Алайда, биліктің басқа шешімін ата-аналар түсінбей отыр. Енді 6 жастан асқан балалар қоғамдық орындарда маска тағуы керек.

Жаңа шектеулер мұнымен біткен жоқ.

Дүйсенбіден бастап компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жаппай іс-шараларды жабық ғимаратта 2 мың адамға, ашық жерде 5 мың адамға өткізіледі.

Адамдар тұрып тұратын концерттер тоқтатылды. Мейрамханаларда, барлар мен кафелерде тек отырып тамақ ішу керек, билеуге рұқсат жоқ.

Түнгі клубтар 24 қаңтарға дейін жабылды.

Жаңа шектеулерге қарамастан, Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран «елде COVID-19 бесінші толқыны соңғысы» деп есептейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале