Наурыз айының 21-31-і күндері Шымкент қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дойбы «64» бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Чемпионатқа 11 облыстан келген 100-ден астам дойбышы қатысты. Дойбы ойыны блиц және рапид түрінен өтті.
БҚО спортшыларының команда құрамына, негізінен, Орал қаласының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері енді. Аталған спорт мектебінің әдіскері Манарбек Иманбаевтың мәліметіне қарағанда, жалпы командалық есепте жеңіске жеткен БҚО дойбышылары 18 алтын, 4 күміс, 3 қола медальды иеленді. Ел чемпионатында екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Ақтөбе облысының спортшылары иеленді.
Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz