1.04.2021, 11:29
Оқылды: 120

Дойбы ойынында дес бермеді

Наурыз айының 21-31-і күндері Шымкент қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дойбы «64» бойынша Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Чемпионатқа 11 облыстан келген 100-ден астам дойбышы қатысты. Дойбы ойыны блиц және рапид түрінен өтті.

дой

БҚО спортшыларының команда құрамына, негізінен, Орал қаласының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері енді. Аталған спорт мектебінің әдіскері Манарбек Иманбаевтың мәліметіне қарағанда, жалпы командалық есепте жеңіске жеткен БҚО дойбышылары 18 алтын, 4 күміс, 3 қола медальды иеленді. Ел чемпионатында екінші орынды Түркістан облысы, үшінші орынды Ақтөбе облысының спортшылары иеленді.

 

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале