Доллар бағамы тағы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,68 теңгеге өсіп, 492,21 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметі бойынша, долларының 2 наурыздағы ресми бағамы - 487,75 теңге.