2.03.2022, 12:20
Оқылды: 139

Доллар бағамы тағы өсті

Доллар бағамы тағы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

photo_95339

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,68 теңгеге өсіп, 492,21 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметі бойынша, долларының 2 наурыздағы ресми бағамы - 487,75 теңге.

 Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы 491,54 теңге, ал сатылым - 496,58 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 492,23 теңгеден сатып алады, 495,72 теңгеден сатады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале