5.09.2024, 11:00
Оқылды: 155

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: қасиетті су Ақбұлақтан апарылады

Жуырда, яғни 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлерін көрсету, мәдени мұраны сақтау және оны халықаралық деңгейде танымал ету мақсатымен жарыс өтеді.

DF90B1A1-B3DD-4386-844D-92DF4252DCF0

Сурет: worldnomadgames.kz

Бұл Дүниежүзілік көшпенділер ойыны – мәдени және спорттық іс-шаралардың бірегейі  саналатын халықаралық жарыс. Мұндағы мақсат – көшпенді халықтардың дәстүрлі мәдениеті мен спорт түрлерін сақтап, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Аталмыш жарыс алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен болатын.

Сол кезде жарысқа 19 елден 583 спортшы қатысып, 10 спорт түрі бойынша бақ сынаған. Ал биыл Астанада өтетін жарысқа 100-ден аса елден 4 000 мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар 21 спорт түрінен сынға түспек.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар мен халық ойындары бар.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынының өтуі халықаралық деңгейде мәдениаралық диалогты нығайтып, елдер арасындағы достық пен түсіністікті арттырады. Сонымен қатар ұлттық мәдениетті сақтап қалуға ықпал етеді.

Дүниежүзілік ойындардың негізгі бағытының бірі «Суды үнемдейік, суды қадірлейік!» деген ұранмен өтеді. Бұл дүбірлі жарысқа әр өңірден бір батыр, он елші қатыспақ. Ол батырлардың негізгі міндеті – әр аймақтағы қасиетті бұлақтардан су жеткізу.

Біздің облыстан баратын елшілер құрамында әр саланың үздіктері бар. Бір қызығы, Астана қаласына жеткізіліп, көшпенділер ойынының ашылу салтанатында тайқазанға құйылатын қасиетті су Тасқала ауданы, Ақтау ауылындағы Ақбұлақтан алынған.

Оның облыс орталығына дейін жеткізілуі жөніндегі Ешкітаудың етегінде түсірілген бейнеролик тасқалалықтар үшін үлкен мәртебе екенін айтып кеткен жөн. Сондықтан мұны тасқалалықтардың Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қосқан зор үлесі деп білеміз.

Болат Бек

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале