30.10.2021, 23:35
Оқылды: 60

Экология министрі Серікқали Брекешев БҚО-да «Ауыл - Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылу барысымен танысу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Батыс Қазақстан облысына келді.

70ABD07E-91D1-4764-8E82-1A1ECE5319AA

Сапар барысында Министр облыстағы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жөнделген және салынып жатқан объектілермен танысты.

Серікқали Брекешев Махамбет ауылындағы клуб ғимаратында болып, Жымпиты ауылындағы автомобиль жолының құрылысын бақылады.

30B7525A-98DC-477E-B5CF-C8FC76F022B4

100 орындық ауылдық клуб нысанының құрылыс жұмыстары 100% пайызға орындалды. Оған республикалық бюджеттен 81,9 млн теңге қаражат бөлінген. Ал Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы жолдардың құрылыс жұмыстары 90-95 пайызға орындалған. Онда республикалық бюджеттен 148,1 млн теңге қаражат бөлінді. Жолдың ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды.

D63D2563-0CF7-4DF5-9294-266D7146C0E1

Сондай-ақ, министр Киров-Шежін магистральды каналын Орал-Көшім жүйесінен «Үлкен Өзенге»бассейнаралық су жіберу үшін реконструкциялау жобасының құрылыс барысын тексерді.

4BC62327-3D8B-42E4-A4F6-62728FE3E606

Объектіге 7 бірлік техника және 10 адамнан тұратын жұмыс бригадасы жұмылдырылған. Су қабылдағыш бойынша дайындық жұмыстары 80% - ға, бөгеттің еңісін бекіту бойынша 80% - ға, пайдалану жолымен біріктірілген бөгетті жөндеу бойынша және кюветті толтыру бойынша 35% - ға дайындық жұмыстары жүргізілді.

9F024617-6783-4205-97FE-9D9FCCB4EE12

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша кеңесте министр Батыс Қазақстан облысындағы жобаның қарқыны туралы мәлімдеді.

AA094E50-7356-4E08-82D1-B1BCF235FF16

«Әрине, жоба аясында өңірде көп жұмыс атқарылып жатыр. Бағдарламада 24 перспективалы ауыл қамтылып, бірқатар әлеуметтік сала нысандары жөнделді. Ондаған шақырым жол, электр беру желілері қайта жаңартылды. Сонымен қатар, барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылғанына назар аудару қажет. Бұл ретте сапа мәселесі ерекше бақылауда болуы тиіс. Сондай-ақ шекаралас ауылдардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, бағдарламаға қосу мәселесі де өзекті болып табылады», - деді министр.

FBB52941-82B4-4FB4-90DC-DA89D3BD7377

Жалпы, 3 жыл ішінде өңірде 107,2 км астам жол салынды, қайта жаңартылды және жөнделді. 7,1 км су құбыры желісіне, 11 мектепке, 10 мәдениет және спорт объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Көшелерді жарықтандыру үшін 6,1 км электр беру желісі салынды.

Еліміздің даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша іс-шаралар тиімді іске асырылып жатқаны баршамызға мәлім. Жобаның негізгі мақсаты – ауылда өмір сүру сапасын жақсарту. Оларды Өңірлік стандарттарға жеткізу үшін ауылдарды кешенді дамытуға бағытталған шаралар қабылданып жатыр.

Осы жоба аясында көптеген әлеуметтік және білім, мәдениет инфрақұрылымдық нысандар жөнделіп, ауылдық жерлерде орын алған мәселелер оң шешімін тауып отыр.

5AEDA7F8-6939-408D-BEBB-142D75F6741F

Біздің облыс Ресей Федерациясының бес облысымен шектесіп жатыр: Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов, сыртқы  шекара ұзындығы 1532 шақырым. Өңіріміздегі 12 ауданның 7-уі шекаралас аумақта орналасқан (Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Тасқала және Шыңғырлау). 75 мыңға жуық халқы бар 98 ауыл шекара маңында орналасқан. Өкінішке орай біздің талдау шекара маңы ауылдарынан орта есеппен жылына 600-ден астам адам кететіндігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты шекара маңындағы аумақтарды дамытудың арнайы бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймыз, – деді облыс әкімі.

Бүгінгі күні «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы саты-сатысымен өңірлік стандарттар көрсеткіштері параметрлеріне сәйкестендірілуде. Алайда, арнайы жобада тұрғын үйлер салу, инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жеткізу, су/газдандыру қарастырылмаған.

Осыған байланысты, ауылдық мәселелерін шешу үшін жобаға ауылдарда тұрғын үйлер салуды, инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жеткізуді және сумен қамтуды қаржыландыруды қосу қажеттілігі бар.

913728EC-7327-462F-AD97-8950453BFDD0

Айта кетейік, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты - ауылдардағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттарға сай ету болып табылады.

B1231110-214F-492C-A1C8-FAD62F4E7817

E6652D51-B023-4697-B182-FF51EC3EEAFA
9777EE82-2DFC-4661-87D3-0D60C2BDE7E1
175E872C-2FF7-4197-A357-55E4FBA2D0F8

F09A21F6-1F65-4DE0-9651-FEE410A8F1F9
51CF248B-A8CF-48E6-A8C6-6A3189E78885

DA41F4E9-A75B-48DB-8A84-1F0A9B9D63CA
44FDC91E-7198-44DC-82B2-9BE5189F1C01
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале