15.11.2023, 9:00
Оқылды: 39

Экспорттан түскен қаражат қанша долларға жетті?

Дәл қазір Үкіметте Қазақстан Үкіметінің отырысы өтіп жатыр. 

Отырыста министрлер 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын және республикалық бюджеттің атқарылуын баяндап жатыр.

IMG_20231115_083407_137

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, есепті кезеңді Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, оң динамика нақты секторда– 3,8%, қызмет көрсету саласында – 5,4% өскен.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсеткен.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6% құраған.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%,  ауыл шаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте – 8,3% өсті.

Алдын ала қорытынды бойынша қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ке өсіп, 102 млрд долларды құрады.

Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жеткен. Тауарлар импорты 44 млрд-тан астам долларды құрады.

Оң сауда балансы 13 млрд долларға тең.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале