Бүгін «Ел ырысы» базарында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеде ет, сүт, балық, ұн, жеміс-жидек, көкөністер сатылды. Сондай-ақ «Кублей», «Маслодел», «Шанс», «Желаев нан комбинаты", «Сауда Инвест» секілді танымал кәсіпорындардың өнімдері қойылды.
Тұрғындар жергілікті өндіріс ошақтарының өнімін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік туғанына дән риза.
Гүлсезім БИЯШЕВА
zhaikpress.kz