Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, жел күшейеді.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің батысында +30+39 градусқа дейін, солтүстік-батыста +25+35 градуасқа дейін, солтүстікте +23+30 градусқа дейін, орталықта, шығыста +25+33 градусқа дейін, оңтүстікте +35+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28+35 градусқа дейін», - деп жазылған хабарламада.