18.08.2023, 12:45
Оқылды: 10

Электр самокат жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Электр самокат жүргізушілерінің қозғалысын қадағалауға рұқсат беретін заң нормасы тамыз айының соңында күшіне енеді. Енді жолда ереже бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы БҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиев айтты.

ЖП самокат

Жаңа заңда көрсетілгендей, енді самокатқа отырғандар мынаны ескеруге тиіс:

– электр самокаттарға жол жиегінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі;
– көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт;
– шлем киюі міндетті;
– қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет;
– тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруі шарт.

- Ережені бұзған жүргізушілер заң алдында жауапкершілікке тартылады. Бірақ айдың аяғында бірден самокат жүргізушілерін тоқтатпаймыз. Алдымен заң нормаларын түсіндіру жұмысы жүреді, - деді Ернар Сұлтанғалиев.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале