ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко Орал қаласындағы №447 сайлау учаскесінде дауыс берді.
-Бүгін - жанымызды толқытатын, ел Президентін сайлайтын күніміз. Дауысымды елімнің болашағы, қоғамдағы прогресс үшін беруге туған жеріме келдім. Халқымыз Елбасының даналығымен әрдайым мақтана алады. Ең бастысы, елімізде биліктің сабақтастығы, тұрақтылық, өзара түсінушілік бар және осы принциптерді басшылыққа алып, алға қадам басамыз. Қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбіт өмірге, «үйіміздегі» көп ұлтты халықтың тату-тәтті тірлігіне, достығына даусымызды бердік. Өз дауысыңды беріп, азаматтық белсенділікті танытудың мән-маңызы зор.
Біле білсек, керемет елде өмір сүрудеміз, Ақ Жайық өңірі ылғи да дамудың, прогресске жетудің айшықты үлгісін көрсетеді. Ортақ үйімізде тұрақтылықпен, түсіністікпен, мейірімділікпен ғұмыр кешуге жазсын. Тәуелсіздік жылдары көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданып, бүгінде соның барлығы жүзеге асырылуда. Республикамыздың басшылығы мен Үкіметі белгіленген міндет-мақсаттар орындалу үстінде. Сондықтан ел ертеңі жарқын екеніне сенемін. Бүгін Президент сайлауына қатысып, дауысымды бергенімді мақтан етемін, - деді Елена Тарасенко.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА
zhaikpress.kz