25.03.2022, 11:00
Оқылды: 40

Елімізде 4812 науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 наурыздағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220212124110170e

25 наурыздағы мәлімет бойынша 5 377 адам коронавирус инфекциясынан (4 366 КВИ+ және 1 011 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 565 пациент - стационарда, 4 812 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 37 адамның жағдайы ауыр,

- 21 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале