17.07.2024, 12:00
Оқылды: 227

Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 85 адам суға кетті – ТЖМ

Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Алайда балалар өлімінің күрт өсуі үлкен алаңдаушылық тудырады. Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Бұл жөнінде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

3F98B50B-3F63-4A9F-B997-276A05304CA6

Сурет: pixabay.com

«Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған орындарда шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкелуде.

Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда адам өлімі 14%-ға азайды, балалар – 20%-ға өсті.

ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бұл ережелермен сіз министрліктің ресми сайтында таныса аласыз.

Шомылуға тыйым салынған 4 598 орын анықталды, онда 5 894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. 708 рұқсат етілген жаппай демалыс орны бекітілді.  

Шомылу маусымы басталғалы су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 42 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды.

ТЖМ, Ішкі істер және Көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзудың жолын кесу бағытында азаматтардың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзуының жолын кесу бойынша 39 853 рейдтер мен патрульдеу жүргізді.

Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллионнан астам теңге сомаға айыппұл салынды.

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өз тиімділігін көрсетуде.

Оған дәлел, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамды, оның ішінде 38 баланы құтқарды», деп мәлімдеді министрліктен.

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале