27.12.2021, 14:45
Оқылды: 35

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлері үшін 264 басшы жазаланды

2019 жылдан бері Қазақстанда 264 мемлекеттік қызметкер қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

0a273201b730431c9c90ef1759aa5710

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елде отставкаларды қабылдау немесе қабылдамау тәртібі бар екенін атап өтті.

2019 жылдың 10 желтоқсанында қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін басшылардың жауапкершілігі туралы заң қолданысқа енгізілді. Осы сәттен бастап 264 мемлекеттік қызметкер қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеттері үшін жазаланды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін тоғыз мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды, үш жағдайда жұмыстан босату туралы өтініш қабылданды.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров

Оның айтуынша, алты жағдайда отставкаға кету туралы өтініш қабылданбаған, бірақ бес жағдайда қабылданбаған алты істің ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале