«Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық, республикалық азаматтық қорғау қызметтерінен басқа, түркі мемлекеттері ұйымы елдері: Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын әзірлеу мен үйлестіруге арналған республикалық штаб Алматы қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдар мен азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылға дайындық деңгейін, жалпы қауіпсіздік мәдениетін арттыру, қала тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердің тұрғындарымен сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.
Тұрғындардың белсенді қатысуын сұраймыз.
«Жер-2023» оқу-жаттығу екі күнге созылады.



zhaikpress.kz