8.05.2022, 13:34
Оқылды: 184

Еліміздің батыс өңіріне қосымша 700 жартылай вагон бөлінеді

Еліміздің батыс өңіріне қиыршық тас тасымалдау үшін қосымша 700 жартылай вагон бөлу жоспарланған. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

4D36F6C7-1EE7-40DE-B5BE-503DAE7C43CD

«Жүк вагондарын жалға алу және олармен операциялар жүргізу қызметтері бәсекелес ортада және нарықтық қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта республика бойынша 300-ге жуық қазақстандық вагон операторлары жұмыс істейді. Олардың теңгерімінде 135 мыңнан астам вагон, оның ішінде 64 мың жартылай вагон бар. Сонымен бірге, осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша республиканың батыс өңірінде 1 243 мың тонна қиыршық тасты (18 мың жартылай вагон) тиеудің жоспарлы көлемі кезінде 634 мың тоннадан астам қиыршық тас (9 мың жартылай вагон) жөнелтілді», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, жоспарды орындамаудың негізгі себебі - жүк жөнелтушілердің төлемнің болмауына байланысты өтінімдерден бас тартуы.

«Бүгінгі күні батыс өңірде қиыршық тас тасымалдауға 2 300-ден астам жартылай вагон тартылғанын, сондай-ақ қосымша 700 жартылай вагон бөлу жоспарланып отырғанын атап өту қажет. Жартылай вагондар паркінің саны жүктерді тасымалдау жоспарының мәлімделген көлемін қамтамасыз етуге жеткілікті. Осылайша, Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және салу жобаларын іске асыру үшін вагондармен уақтылы қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шаралар қабылдануда», - деді Әлихан Смайылов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале