27.01.2025, 16:45
Оқылды: 128

Эльмира Сыздықова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Красноярск қаласында (Ресей) күрестен Иван Ярыгин кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті, - деп хабарлайды OLYMPIC.KZ.

1737967468

Сурет: OLYMPIC.KZ

Бұл жарыста әйелдер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз үш медаль жеңіп алды.

76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды жеңіп, жеңімпаз атанды.

Ал 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар тағы екі медальға ие болды: Виктория Хусаинова екінші орынды, ал Тыныс Дубек қола жүлдені иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале