19.10.2023, 10:30
Оқылды: 74

Елордада ХI Азаматтық форумның жалпы отырысы өтіп жатыр

Осыған дейін Астана қаласында Қазақстанның ХI Азаматтық форумы өтіп жатқандығын жазған едік.

IMG-20231019-WA0076

Форум екі күнге, 18-19 қазанға жоспарланды. Оған 600-ден астам қатысушы келген.

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» тақырыбында өтіп жатқан форумның екінші күні «Азаматтық бастама аумағы» әлеуметтік жобалар көрмесімен басталды.

IMG-20231019-WA0080

Дәл қазір форумның жалпы отырысы өтіп жатыр. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және ҮЕҰ-ның басқа да көшбасшылар қатысып отыр.

IMG-20231019-WA0084

Жалпы отырысты бастаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Азаматтық форумдардың маңыздылығын айтып, оның нәтижесінде атқарылып жатқан істерді тілге тиек етті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының форум қатысушыларына үндеуін жеткізді.

Президент мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенім білдірді.

– Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, балалар үйлері мен дағдарыс орталықтарын қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы қызметтеріңіз құрметке лайық. Бір сөзбен айтқанда, сіздер қоғамдық жұмыста үнемі алдыңғы шепте жүресіздер. Форум барысына сәттілік тілеймін, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

Гүлмира Сарсенғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале