ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта:
Айта кетейік, «қызыл» аймаққа Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді. Аталмыш өңірлер кеше «сары» аймақта тұрған болатын.
Сондай-ақ кеше «жасыл» аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат