Алматы әкімі автобуста әйел адамды құтқарған жігітті марапаттады.
Қала басшысы әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті. Әкім оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, сонымен алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.
23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ жұмыс істейді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда белгісіз ер адам автобуста әйелге пышақ салған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттерінің арқасында күш көрсетуші залалсыздандырылып, әйел адам аман қалды.
ulysmedia.kz