14.10.2022, 15:03
Оқылды: 44

Ердоған Путин қатысқан кездесуде Украинадағы қантөгісті тезірек тоқтатуға шақырды

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

IMG-20221014-WA0030

 

"Осындай қонақжай іс-шара үшін Тоқаев мырзаға және барлық қазақ бауырларына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, Кувейтті осы отырысқа қатысуға шақырамын. Мен АӨСШК конференциясының 30 жылдық отырысына қатысқаныма қуаныштымын. Бұл барлығына пайда мен жақсылық әкелсін деп тілеймін. 2019 жылы біз өз елімізде құрлық елдерімен қарым-қатынасымызды тереңдететін азиялық бастаманы жарияладық",  – деді Түркия басшысы.

Режеп Тайип Ердоған әлемдегі шиеленіске байланысты соғыста жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайтынын айтып, Украинадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды.

"Біз Украинадағы дағдарыстың салдарын аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Мен әрқашан әділетті әлемге дипломатия арқылы қол жеткізуге болады деп айтамын. Соғыста жеңімпаздар жоқ және әділетті әлемде жеңілгендер болмайды. Екінші жағынан, біздің БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлемде мойындалды", –  деді Түркия Президенті.

Сонымен қатар Режеп Тайип Ердоған Қара теңіз арқылы украин астығын экспорттау туралы Стамбул келісімі бұл бағыттағы елеулі жетістік екенін атап өтті.

"Біздің мақсатымыз – барлық қиындықтарға қарамастан қол жеткізген қарқынды сақтау және қантөгісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату", – деді Режеп Тайип Ердоған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале