Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен арнайы бақылауға алынған және есірткіні өндіру әрі әзірлеу үшін қолданылатын құралдардың тізбесіне өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Фото: Polisia.kz
Қазіргі уақытқа дейін тізбеде барлығы үш зат болды (ампулаларды толтыруға, оларды тығыздауға және дәрі-дәрмекті басуға арналған жабдық). Алайда халықаралық заңнамаға және БҰҰ есірткі заттары жөніндегі комиссиясының ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ синтетикалық есірткіні заңсыз өндіру фактілерінің өсуіне байланысты аталған тізбені толықтыру туралы шешім қабылданды.
Мысалы, зертханалық реакторлар, вакуумдық сорғылар және магниттік араластырғыштар Алматы қаласында және Алматы облысында синтетикалық есірткінің заңсыз өндірісін ұйымдастырған қылмыстық топпен пайдаланылды.
Бюхнердің сүзгіші, нақтылығы жоғары электрондық таразы және Либихтің тоңазытқышы да Қазақстанның аумағында синтетикалық есірткіні өндіруге арналған есірткі зертханаларын жою кезінде анықталды.
Осылайша есірткіні өндіруге және әзірлеуге арналған құрал-жабдықтардың тізбесі зертханалық реактор, вакуумдық сорғы, магниттік араластырғыш, колбожылытқыш, конденсаторлар секілді және тағы да басқа 19 жаңа атаумен толықтырылды.
Олардың заңсыз айналымына ҚР ҚК-нің 301-бабы “Улы заттардың, сондай-ақ есірткіні әзірлеу үшін қолданылатын жабдықтың заңсыз айналымы” бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
/