Бүгін Совет Одағы мен Қазақстан газ саласының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Инженерлік академиясының академигі Есет Әзірбаев тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.
Шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Ғали Есқалиев Әсет Рауатұлы туралы жылы естелігімен бөлісті.
«Біздің бала күнімізде ата-анамызбен араласатын. Ол кісі өте қарапайым, кішіпейіл адам еді. Есімде сондай бейнесімен қалыпты. Есет Әзірбаев өзінің ғылыми атақ дәрежесін, мансабын айтып мақтанбайтын. Тіпті көбісі білмей де жүретін. Өте қарапайым, сонысымен текті, биік адам еді», - деді.
Ескерткіш тақта марқұм Есет Әзірбаев 1992-2001 жылдары тұрған Ихсанов көшесі 45-ші үйге қойылды.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz
Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева