11.07.2024, 16:45
Оқылды: 197

FibroScan аппараты: бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға мүмкіндік мол

Облыстық көпбейінді аурухананың гастроэнтерология бөлімшесі 25 төсекпен жабдықталған. Облыстық ауруханада алуан түрлі ауруды анық­тай­тын FibroScan аппараты да науқастар үшін іске қосылған. Бұл аппаратпен бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға мүмкіндік мол. Ауру белгі­ле­рін анықтау еш жарақатсыз әрі қауіпсіз жүргізіледі. Науқасқа зерт­теу жүргізудің кері әсері жоқ. Па­циентті алдын ала тексеру, да­йындау, стационарға жатқызу қажет емес.

62C3BC5A-7A8D-47D0-A846-9BAD26C6E5FD

– Гастро-гепатоорталықта гастроэнтеролог дәрігерлер мен гепатологтар қызмет атқарады. Аталған орталықта тұрғындар дәрігерлер кеңесін алып, емделе алады. Бұл медициналық қызметтер сақтандырылған азаматтарға МӘМС есебінен тегін көрсетіледі. Мұндай тексерудің диспансерлік бақылау мен терапияның тиімділігін қадағалау кезінде маңызы зор, – дейді дәрігер гастроэнтеролог Асель Талаповна.

Ақпарат және фото: әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының БҚО-дағы филиалынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале