19.11.2021, 15:20
Оқылды: 208

Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

Бетперде кию COVID-19 ауруын айтарлықтай төмендетуге септігін тигізеді. Мұндай қорытындыға халықаралық ғалымдар тобы өз зерттеулерінен кейін келді, оның нәтижелері британдық BMJ ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

news_full162642848486c926eeb93dae4a41aa90cb60c0f682

Коронавирусты жұқтырмаған 389,2 мың адам мен COVID-19 жұқтырған 2,6 мың науқасты қамтитын алты талдау жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, бетперде кию ауру жұқтыруды 53%-ға төмендетуге ықпал ететінін көрсеткен.

Бұдан бөлек ғалымдар 200 елде эксперимент жүргізіп, нәтижесінде маска кию міндетті елдерде COVID-19 өлімі 45,7% төмен екенін анықтады.

Әлеуметтік қашықтыққа келетін болсақ, зерттеушілердің пікірінше, бұл шара да тиімді екенін көрсетіп отыр. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, егер қашықтық сақталса, COVID-19 ауруы 25%-ға төмендейтіні белгілі болған. Бұл зерттеуге 108,9 мың дені сау және 2,7 мың адам коронавирус жұқтырған азаматтар қатысқан.

Сонымен қатар қолды жуу да коронавирустық инфекцияларды 53% азайтуға көмегін тигізеді, алайда ғалымдар зерттеу тиімділігін қарау кезінде маска кию және әлеуметтік қашықтықты талдауға қарағанда бұл шара айтарлықтай аз қамтылғанын атап өтті.

Пандемия басталғаннан бері әлемде шамамен 254,5 миллион адам коронавирус жұқтырып, 5,1 миллионнан астам адам қайтыс болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале