29.06.2026, 19:00
Оқылды: 56

Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, елордадағы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

photo_5337220237016898561_y

Фото: aqorda_resmi

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мәртебелі қонақтарға рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Грузияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен соң тараптар екіжақты серіктестікті талқылау үшін жоғары деңгейдегі келіссөздерге көшті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале