Қаланың барлық аумағында арық жүйелерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Орал қаласының аумағында барлығы 144 км арық жүйесі бар. Бұған дейін қала аумағында арықтар тазаланған болатын, алайда жауын-шашынның мол түсуі салдарынан бұл жұмыстар қайтадан жүргізілуде, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш жұмыстар барысында қала ішіндегі Назарбаев және Абай даңғылындағы арықтар толықтай тазартылды. Қазіргі уақытта Құрманғазы мен Д.Нұрпейісова көшелеріндегі арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 50 адам жұмылдырылған.
Сондай-ақ, қалаға қарасты Деркөл кентінде бұл жұмыстар толықтай аяқталса, Зашаған кентінде 29 км арық жүйесі тазартылып, әрі қарай жұмыстар жалғасуда. Круглоозерный кенті мен Желаев селолық округінде де арықтарды тазалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Арықтарды тазарту жұмысына Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының еріктілері де атсалысуда.
zhaikpress.kz